Accessibility links

Прагадағы Ольшански зиратынан совет жауынгерлерінің 48 қола ескерткіші ұрланды


МӘСКЕУ: Ресейдің сыртқы істер министрлігі Чехияның Мәскеудегі елшісі Мирослав Костелкоға совет жауынгерлерінің зиратына ойран салған оқиғаны тергеуге алуды өтінген хат тапсырды. Оған себеп: Прага қаласының Ольшански зиратындағы совет жауынгерлерінің зиратына қойылған қола ескерткіштер ұрланды. Мұндай оқиға соңғы 2 айдың ішінде 3 рет қайталанды. Бас-аяғы 2-нші дүниежүзілік соғыста қаза болған 48 совет жауынгерінің басына қойылған қола ескерткіштер жоғалды.
XS
SM
MD
LG