Accessibility links

“Әл-Қаида” тобы Ирақта АҚШ әскеріне есе қайтаруды жоспарлап жатыр


БАҒДАД: Ирақтағы АҚШ армиясының мәлімдеуінше, АҚШ бастаған күштердің Ирақта өзіне қарсы ойсырата соққы берген соң “Әл-Қаида” тобы АҚШ әскеріне есесін қайтаруға тырысады. АҚШ-тың бриагада генералы Кевин Бергнер хабарлағандай, бүкіл Ирақта мамыр-маусым айларында жалғасқан операцияның нәтижесінде “Әл-Қаиданың” 26 қолбасшысы не көзі жойылды, не қолға түсті. Оның алдында Ирақтың ішкі істер министрлігі Сириядан жүріп келе жатқан жүк мәшинесінен 200 “шаһид белбеуі” мен жарылғышты тәркілегенін хабарлады.
XS
SM
MD
LG