Пәкістанның солтүстік-батысында орын алған әртүрлі зорлық-зомбылық әрекеттерінен 40 адам құрбан болды. Жексенбі күні шекараға жақын жердегі солтүстік-батыс өлкесінде болған шабуылдан 14 кісі қаза тапты. Бірнеше сағаттан кейін дәл сол аймақтағы полиция бекетінің жанында жанкештілік жарылыс орын алып, оның салдарынан 26 адам опат болды. Сонымен қатар, Солтүстік Вазиристанда Талибанды жақтайтын соғысушылар үкіметпен арадағы бейбітшілік жөніндегі 10-айлық келісімнің күшін жойды. Олар Исламабадты аймақта көбірек әскерилерді орналастырып, келісімді бұзды деп айыптады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Баспанасыздарға байқалмаған "Тұрғын үй – 91"
-
Тель-Авив пен Тегеран текетіресі
Иранға соғыс, Ливанға гуманитарлық апат төніп тұр. Таяу Шығыста не болып жатыр?