Accessibility links

Иранның мемлекеттік телеарнасы қамауға алынған екі иран-американдық жөніндегі хабардың екінші бөлігін көрсетті


Онда Халеһ Есфандияри мен Киан Тажбахш Иран Ислам елін “тұрақсыздардыруға” әрекет еттік деп мәлімдеді. Вашингтонда орналасқан Удроу Уилсон халықаралық орталығындағы Таяу Шығыс бағдарламасының директоры Есфандияри ханым өзінің “Иран жүйесіне өте маңызды өзгерістер алып келетін және ол жүйені тұрақсыздандыратын әрекеттермен” шұғылданғанын айтты. Ал Сорос Ашық Қоғамында жұмыс істейтін Тажбахш оның ұйымы “ұзақ мерзімді мақсатқа ие екенін... үкіметтің өзгеруіне қысым жасауға бағытталғанын” айтты.
XS
SM
MD
LG