Accessibility links

Украинада улы түтіннен уланғандар саны 164-ке жетті


Бүгін Украинаның Денсаулық Сақтау министрлігі елдің батысында орын алған пойыз апатының салдарынан ауаға жайылған улы сары фосфордан уланғандар саны 164-ке жеткенін, оның 34-і балалар екенін айтып отыр. Ресмилер бұл дүйсенбі күні жолдан шығып кетіп өртенген пойыздағы улы химикат бұлтқа айналғанда оның жергілікті тұрғындарға үлкен қаупі болмайды деп айтқан еді. Бүгіндері сары фосфордан уланғандар саны өсіп отыр.
XS
SM
MD
LG