Accessibility links

Батыс елдері Косово мәселесін байланыс тобы арқылы шешуге тырысады


Құрама Штаттар мен оның одақтасы Еуропалық елдер БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Косовоның келешегі туралы қарар жоспарын Ресейдің қарсылығынан соң қалдырып отыр. Кеше БҰҰ-ындағы АҚШ елшісі Залмай Халилзад “Косово проблемасымен енді алты елден тұратын Ұлыбритания, Германия, Италия, Ресей, АҚШ және Франция өкілдерінің тобы басқаша айналысатын болады деген. Батыс елдері Сербия мен Косовоның өзара келіссөз өткізуіне қосымша уақыт беру қарастырылған Қарардың жобасын Қауіпсіздік Кеңесінде бекітуге тырысты. Бірақ Косово тәуелсіздігіне түбегейлі қарсы Ресей ол жобаны мақұлдамады. Бұл арада Косовоның премьер министрі Агим Чеку Косово парламенті 28-ші қарашада біржақты тәуелсіздік жариялауға дайындалып жатқанын айтты.
XS
SM
MD
LG