БАҒДАД: Ирақтың сыртқы істер министрі Хошьяр Зибаридің хабарлауынша, Ирақтың қауіпсіздігі проблемасы бойынша АҚШ пен Иран екі жақты келіссөздің екінші сатысын алдағы сейсенбі күні өткізеді. Министрдің сөзіне қарағанда, 2 елдің елшілері келіссөзді Бағдад қаласында өткізуге тиіс. АҚШ пен Иранның Ирақтағы елшілері Райан Крокер мен Хасан Каземи-Қоми өзара келіссөзінің бірінші сатысын мамыр айында өткізген болатын. Бұл – жоғары лауазымды АҚШ пен Иран өкілдерінің 1980-інші жылдан бергі алғашқы кездесуі болды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
СПИД-пен күрес күні
"ВИЧ адамның мінез-құлқын сипаттамайды". Ауру – үкім емес