Accessibility links

Палестинаның М.Аббас Иорданияда, ал премьер-министрі Иерусалимде кездесулер өткізді


АММАН: Жексенбі күні Палестина лидері М.Аббас Иордания премьер-министрі Маруф Бахитпен және Израиль парламентінің спикері Далия Ицикпен жеке-жеке кездесті. М.Аббастың өзі атап көрсеткендей, өткен аптада АҚШ президенті Дж.Буштың Палестина мемлекетін құру мәселесі бойынша осы күзде халықаралық конференция өткізуді ұсынуынан кейін Иорданиядағы бұл кездесулердің маңызы зор. Дәл осы күні Иерусалимде Палестина премьері Салам Файяд Израильдің сыртқы істер министрі Ципи Ливни ханыммен жүздесті. Бұл кездесулер Ұлыбританияның экс-премьері Т.Блэрдің Таяу Шығысқа сапарының қарсаңында болды. Т.Блэр – “Таяу Шығыс квартетінің” (АҚШ, БҰҰ-ы, Ресей, Еуроодақ) өкілі болып табылады.
XS
SM
MD
LG