Британияға Андрей Луговойды бермеуіне байланысты Мәскеу мен Лондон арасы шиеленісе түсті. Британия Сыртқы істер министрі Девид Милибәнд бұл мәселені Еуропа одағындағы әріптестерінің Брюссельдегі отырысында сейсенбіде көтергендігін айтты. Одақтың заң жүйесі тұтастығына қауіп төніп тұр, дей келіп, Милибәнд мырза Еуропа одағы мен Ресей байланыстарына байланысты жан-жақты стратегиялық пікіралысу қажет деді.
Өткен аптада Британия 4 Ресей дипломатын елден шығарып жіберген болатын. 2006-шы жылдың қараша айында, Лондонда Александр Литвиненконың өлтірілуіне қатысы бар адам ретінде ең басты айыпқа ілінуші Андрей Луговойды Британияға беруден бас тартқаны үшін Ресейге осындай шаралар қолданылған еді. Оған жауап ретінде ресми Мәскеу Британияның Ресейдегі елшілігінің 4 қызметкерін елден шығаруға бұйрық берді.
Еуропа одағына қазір төрағалық етуші Португалия елі блоктың аталған мәселеде Британиямен бірауызды екендігін мәлімдей келіп, Литвиненконың өліміне байланысты Лондонмен әріптестік орнатпағаны үшін Ресейге көңіл толмаушылық көзқарасын білдірді. Алайда, Лондон одан да шешуші қадамдарды қалап отыр.
“Біздің Ресеймен байланысымызда Ресейдің ұстанымын сыйлауымыз қажеттігін әркім-ақ қалайды. Осыған қоса айтарымыз, тығыз әріптестік пен халықаралық қауымдастыққа мүшелікке ие болу хұқы жауапкершілікпен бірге жүруі тиіс. Бұл - барлық тарапқа да бірдей қатысты”, - деді Милибәнд.
Ресей мен Еуропа одағы қарым-қатынастары көптеген салалар бойынша ширыға түскен. Мысалы, Польшаның еті мен астық өнімдеріне салған Ресей эмбаргосына наразылық ретінде ресми Варшава Еуропа одағы мен Ресей арасындағы жаңа стратегиялық әріптестік келісіміне байланысты сөйлесулерге 2006-шы жылдың күзінен бері тосқауыл қойып келеді. Сондай-ақ Польша мен Чех елінде зымыраннан қорғаныс жүйлерін орнату жөніндегі АҚШ жоспарын да Еуропа одағы қолдап отыр. Бұл жоспарларға Ресей қарсы болып келеді.
Сонымен бірге, Ресейдегі демократияның жайы мен хұқық қорғау саласындағы кемшіліктерді Еуропа одағы қатты сынға алуда. Дей тұрғанмен, оған байланысты бірлескен сын айтылған емес. Оның себебі аталған блок Ресей энергия көздеріне тәуелді. Одақтың құрылықтағы мүшелері үшін Ресей- ұзақ мерзімдік стратегиялық әріптес. Британия болса Еуропа одағындағы ең ірі мемлекеттің бірі. Сондай-ақ блокқа мүше бірнеше Шығыс Еуропалық мемлекеттердің қолдауына ол ие болып отыр.
Еуропа одағы мен Ресей арасындағы жаңа стратегиялық әріптестік келісіміне байланысты сөйлесулерге Польшаның жасап отырған кедергісін қолдайтындығы жөнінде Лондон салмақты емеурін жасады. Ол келісімде Литвиненко өліміне байланысты арнайы бап болуы тиіс деп сенетіндігін Британия министрі Милибәнд айтты. Бұл әрине, Мәскеу үшін өте қолайсыз болуда, дейді «Азаттық» радиосының Брюссельдегі тілшісі Ахто Лобякас.