Accessibility links

Ғаламдық сауалнама әлемдегі мұсылмандардың жанкештілік жарылыстарға қарсы екенін көрсетуде


Дүниежүзіндегі мұсылман қауымы Исламды алға тартып жанкештілік шабуыл жасау мен басқа да қақтығыстарға қарсылығын күшейтіп отыр. Бұл туралы жаңадан құрылған халықаралық сауалнама жүргізу орталығының әлем халықтары өз өмірлері мен елдерін және ұлттық құрылымдарын қалай бағалайды деген сауалнама жүргізуі барысында мәлім болып отыр.

Пью зерттеу орталығының кең көлемде халықаралық ұстанымдарды бақылап 47 елде жүргізген зерттеулері көрсетіп отырғандай, әлем мұсылмандарының жанкештілік шабуылға қолдауы азайған және көптеген елде әл Қаида жетекшісі Осама бин Ладенге қолдау да төмендеген.

Сейсенбі күні жарық көрген 95 беттік бұл зерттеуде экономикалық өсімі қарқын алған көптеген дамушы елдерде адамдар жеке өмірлеріне, отбасылық табыстары мен елдегі жағдайға қанағаттанарлық танытып жатқанын байқатып отыр дейді орталық директоры Эндрю Когут. Оның айтуынша, бұл жахандандыруды қолдаудан алынған деректер.

Әсіресе, зерттеулер Таяу Шығыстағы мұсылмандар арасында және басқа жерлерде де исламшыл экстремизмді қабылдамаушылар саны өсіп отырғанын көрсеткен. Бұл тұрғыдағы сауалнама Палестина аймағымен қоса тағы үлкен деген оншақты мұсылман елінде оның ішінде мұсылман халқы көп Африканың бес елінде жүргізілген. Мәселен, 2003 жылдан бері бин Ладенді әлем жетекшісі ретінде қабылдау сенімі Иордания мұсылмандары арасында 20 процентке төмендесе, жанкештілік жарылысты кей кездері жасауды ақтайтындар деңгейі азайып, қарсы шыққандар 20 пайыздан 23 процент болған. Және басқа да елдерде Ливан, Индонезия, Түркия, Пәкістан және Кувейтте бин Ладенге қолдау төмендеген.

Әлем мұсылмандары дегенде оның ішіне Қазақстандағы мұсылмандар да кіреді. Ендеше, қазақстандық мұсылмандар жанкештілікке баруды қалай қабылдайды, сол тұрғыда Алматыдан алынған пікірлерге де тоқталсақ, алматылық Ерлан деген азамат ақыл-есі дұрыс адам жанпидалыққа бармайды деп есептейді. Ал, жақының үшін кек қайтару болса, оның қоғамға зияны тимеуі керек дегенді айтады.

Сонымен қатар, қазақстандық Мәлік деген жас та жанкештілік жарылыс жасау арқылы қоғамға зиян келтіру дұрыс емес деп есептейді. Ол мұсылмандарда адамға қастандық жасау дұрыс емес, ислам дініндегі шахидттер өмірден безіп, басқа адамдарға зиянын тигізбеуі керек дейді.

Сондай-ақ, «Азаттықтың» сауалнамасына қатысқан Ерлан өзіне-өзі қол жұмсау ислам дініне қарама-қайшы әрекет, ондай адам мұсылманша жерленбейді дегенді айтады.

Сонымен, қолда бар деректер 2002 жылдан бері жанкештілік жарылыстар мен террорлық тәсілдерді қолдайтындар қатары төмендегенін көрсетеді. Бұл зерттеу жүргізілген 8 мұсылман еліндегі ақпарат алу мүмкіндігі бар жеті елден алынған хабарлар. Мысалы, жанпидаға бару көп жағдайда дұрыс деп санайтын Ливандағы мұсылмандар қатары 79 пайыздан 34 пайызға азайған. Бұл арада жанкештілік әрекеттерді ақтайтындар Пәкістанда 9 процент қана қалғанын көрсетсе, бұл көрсеткіш 2002 жылы 33 пайыз, 2004 жылы 41 пайыз жоғары болған екен.

Бірақ, хабарларға қарағанда, палестиналықтар арасында жанпидашылық жарылыстарды дұрыс көретіндер жиі кездесіп, 41 процентті құраса, 29 пайызы кей жағдайда ғана ондай шабуылдарды дұрыс деп санайтынын, ал ең аз ғана бөлігі демек палестиндықтардың 6 проценті мұндай жанкештілік шабуылдарды ешқашан ақтауға болмайтынын айтқан.

Зерттеулерде жікшілдік қақтығыстар жалғасып жатқан Ирақтағы мұсылмандар арасындағы, яғни шийт пен сүннит мұсылмандарының кернеуі шектелмей отырғаны үлкен алаңдаушылық тудырып, мұсылман әлеміндегі ұлғая түскен проблемаға негіз болып отырғаны айтылады.

Ливандағы мұсылмандардың 88 проценті, Кувейттіктердің 73 проценті және Таяу Шығыстағы әрі басқа да әр елдердегі мұсылмандар сүннит пен шийт арасындағы күрделене түскен текетірес мұсылман әлеміндегі проблемаларға салдарын тигізіп отыр деген.

Жалпы алғанда Пью зерттеу орталығының зерттеулері елдердегі ұлттық жағдай мен экономикалық мүмкіндіктер арасында айқын байланыс бар екенін көрсетіп отыр.
XS
SM
MD
LG