Accessibility links

Иордания Ирақ босқындарын асырауға жыл сайын 1 млрд. доллар жұмсайды


АММАН: Иордания патшалығы әлем қауымдастығын өз жеріндегі 100-деген мың Ирақ босқындарына көмек беруге шақырды. Амман қаласындағы халықаралық конференцияда Иорданияның сыртқы істер министрі хабарлағандай, Ирақтан қашып келген 750 мың босқынды асырауға патшалық жыл сайын 1 млрд. доллар қаржы жұмсайды екен. БҰҰ-ның есебі бойынша, Ирақтағы қантөгістен ай сайын шамамен 50 мыңдай халық босып кетеді. Босқындардың басым көпшілігі Сирия мен Иордания патшалығын паналайды. Ирақтағы соғыс басталған жылдары 2 млн.-нан астам халық босып кетті.
XS
SM
MD
LG