Тергеушілерден таяқ жеген жәбірленушілердің бірі - Дмитрий Хватарин, қаза болған жолдасы Жанболатты полиция қызметкері соққыға жыққанын және полицейге тағы екі әріптесі қосылғанын айтады. Үйге жеткен Жанболатқа жедел жәрдем шақырылғанымен ол жақын ауруханаға барудан бас тартқан. Ертесіне ол жан тапсырады. Марқұмның досы, қазір сотта негізгі куәгер болып отырған Дмитрий Хватариннің айтуынша, оларды көршілерден шағым түсті деген желеумен полицейлер Жанболат екеуін де полиция бекетіне алып кеткен. Сол жерде полиция қызметкері «сен көп ішесің» деген желеумен өзін бірнеше рет салып жібергенін айтады куәгер Хватарин.
«Сосын Әбутраповқа келіп досыңның шалбарын шешіп зорла деп бұйырды. Бірақ, Әбутрапов бұған көнбеген соң, полиция қызметкері оны ұра бастады», - деді куәгер.
Прокуратураның айыптау мәліметінше, жазықсыз соққыға жығылған Жанболат Әбутрапов полиция бекетінде қатты жарақат алып, кейін соның салдарынан қаза тапқан.
«Аға лейтенант қаза болған Әбутраповты жағасынан ұстап, столға құлатып, ішінен аяғымен тебе бастаған. Кейін адам бойы биіктіктен оның үстіне секірген», - дейді прокурор Бахтияр Ерназаров.
Ал, айыпталып отырған полиция қызметкерінің әпкесі және қорғаушысы Жұпар Қожақ болса, оқиға болған үйде сол түні бірнеше төбелес болған дегенді алға тартады. Ол өз інісінің еш кінәсі жоқ деп санайды.
«Ол тіпті оқиға орнында болмаған», деп отыр Жұпар.
Айыпталушының қорғаушысы Қожақтың айтуынша, қазір сотта куә болып отырған Хватаринге көршілерден шағым түскен.
«Ол тұрған 13 пәтерде нашақорлар жиналады», - дейді қорғаушы.
Ал, Марқұм Жанболат Әбутраповтың әпкесі Сәуле Ибрагимова өзінің 33 жасар інісін полицейлер ұрып өлтірген деп отыр.
«Қазір айыпталып отырған бұрынғы аға лейтенанттың айтуынша, аудандық ішкі істер бөліміндегі подполковник тұрмысы мүшкіл, үйінің құжаты жоқ Хватариннен оның жекешелендірілмеген екі бөлмелі пәтерін тартып алуды тапсырған», - дейді марқұмның әпкесі.
Сотқа тартылып отырған полицияның бұрынғы екі қызметкері болса айыптан мүлдем бас тартып отыр. Олар Жанболат Әбутраповтың полиция бекетінде емес, одан шығып досының үйіне жеткен соң қаза болған дегенді алға тартады. Полициядан зардап шеккендер марқұм жігіттің пәтерде қаза болғанын мойындап отыр. Адам құқығын қорғаушылар бұл оқиғада билік өкілі тарапынан азаптау қолданылғаны көрініп тұр дейді. Бірақ олар бұл айыптауды дәлелдеу әдетте өте қиын екенін айтады.
Адам құқығы жөніндегі ұлттық орталық жетекшісі Вячеслав Калюжныйдың айтуынша, Қазақстанның қылмыстық кодексінде азаптау ұғымы тек соңғы кезде кіргізілген.
«Бірақ, адам құқықтарын бұзған тергеушілердің әрекетін азаптау ұғымына кіргізу қиын. Әдетте оларға лауазымын шектен тыс пайдаланды деген айып тағылады», - дейді Калюжный.
Ұлттық орталық мамандары түсіндіргендей бұл жағдайда айыпталғандар азаптаудағы баптардағыдай қатты жауапқа тартылмайды. Әрине, сондықтан азаптауға қатысты істер аз қозғалады, дейді мамандар. Бас прокуратураның мәліметі бойынша, Қазақстанда 2001 жылдан бері жауапты адамдарға кісі азаптаған үшін 4 қылмыстық іс қозғалған. Ал, үкіметтік емес ұйымдардың мәліметінше, азапталғандардан келіп түсетін шағымдар бұдан әлдеқайда көп.