Президент қол қойған білім туралы жаңа заңға сәйкес Қазақстан мектептерінде 12 жылдық білім беру жүйесі енгізіледі. Егер балаларды оқыту бағдарламасы 12 жылға бөлінсе, оқу оңайға түседі әрі оқушыларға жан-жақты дәріс беріледі деп хабарланып отыр. Ол үшін жаңа оқулықтар шығарылады. Бірақ, бұған сыни пікір айтушылар да бар. Екі баланың анасы Қамар Айтжанова білім саласын тек қағаз жүзінде өзгерткен жеткіліксіз деген пікірде.
«Мысалы, жаңа оқулықтарда өмірде түк қажеті жоқ ақпарат жазылады, кәдімгі жауын құртының жүйке жүйесі мен ас қорыту жүйесінің 10 ерекшелігін білудің қажеті қанша?» - дейді ол.
Білім министрлігінің бас заңгері Марат Күзембаев елдегі орта білім мекемелері 2008 жылдың қыркүйек айынан бастап 12 жылдыққа біртіндеп көшеді деп отыр.
«Заңды ерте қабылдағанымыз да - оқулықтарды дайындап алу үшін жасалып отыр», - дейді Күзембаев.
Әскерилер болса мектеп партасынан шықпаған, бірақ 18-ге толып үлгерген баланы әскер қатарына қалай шақырамыз деген сауал қойып отыр. Ал, орта мектепте 12 жылдық білім жүйесіне көшу керек дейтін мұғалімдер Еуропа елдерін мысалға келтіреді.
Онда білім беру 5-6 жастан басталып, балалар 18 жасқа дейін мектепте білім алады. Екіншіден, 12 жылдық білім беру жүйесі ешбір елде міндетті түрде барлығына бірдей жүктелмейді, дейді олар. Бірақ, енді Қазақстанға көп мұғалім қажет болады, дейді бұрынғы білім министрі Жақсыбек Құлекеев:
- 28-30 мың мұғалім керек болады.
Білім министрлігінің бас заңгері Марат Күзембаевтың айтуынша, елде жаңа үлгідегі мұғалімдерді дайындайтын 5 педагогикалық университет ашылған. Бірақ, бақылаушылардың айтуынша, мұғалімдердің еңбекақысы төмен. Білім жүйесінде орташа еңбекақы көтеріліп, 25 мың теңгеден 29 мың теңгеге жеткенімен ол Қазақстандағы жалпы орташа еңбекақы көрсеткішінің тек 64 пайызын құрайды деген салыстырма дерек келтіреді білім министрі. Заңгер Күзембаевтың айтуынша, жаңа заңда таңдаулы мұғалімдерге қайтарымсыз грант бөлу ескерілген. Жаңа заңда тағы бір ерекшелік: жоғары білім беру Қазақстанда бакалавриат - магистратура - докторантура PhD сынды 3 сатыдан тұратын болады. Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаевтың айтуынша реформалардың мақсаты білім сапасын көтеру болмақ:
- Сапасыз білім бізге керек жоқ, - дейді министр.
Қазақстандық студенттер бұл жаңа енгізулерге түрлі пікір айтып отыр.
- Бәрібір оқу керек. Білім болмаса, ешқандай мамандық ала алмайсың.
- Дұрыс емес, қазір білім нашар. Ауылдан шыққан бәрі.
Білім министрлігінің бас заңгері Марат Күзембаевтың айтуынша, ғылым докторларын дайындаудың жаңа жүйесі елде 2007 жылдың қыркүйек айынан бастап біртіндеп енгізіледі. «Бұл жергілікті дипломдарды шетелдерде де танып-мойындауы үшін жасалған, өйткені әлемде ғылым кандидаттары жоқ, тек магистр мен PhD докторлары бар», дейді Күзембаев.