Әлемдегі ең танымал режиссерлердің бірі деп есептелетін Ингмар Бергман дүниеден өтті. Швеция бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Бергман Балтық теңізіндегі Фаро аралында орналасқан үйінде қайтыс болған. 89-жасқа келген Бергман 60 жыл бойы кино-фильм саласында жұмыс істеген. Ол кино саласындағы бірнеше сыйлыққа ие болған «Жетінші мөр», «Фанни мен Александр» және тағы басқа көптеген фильмдерді түсірген.