Accessibility links

Кондолиза Райс пен Роберт Гейт Мысырға келді


Бүгін АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс пен Қорғаныс министрі Роберт Гейтс Таяу Шығыс келіссөздерін жүргізу үшін Мысырға келді. Олар Мысырдың курортты аймағы Шарм ел-Шейхта Йордания және Шығанақ ынтымақтастық Кеңесіне мүше алты елдің және Мысырдың сыртқы істер министрлерімен кездеседі. Райс пен Гейтс сонымен қатар, араб елдерін Ирақ мәселесінде Құрама Штаттарға көбірек көмектесуге шақырып, Сауд Арабия еліне барады деп күтіліп отыр. Кондолиза Райс Сауд Арабия, Мысыр және Израйл үшін бөлінген мулти милиардтық әскери көмек аймақты тұрақсыздандырмайды деп айтты.
XS
SM
MD
LG