Енді міне қаланың бұрынғы әкімі осы қоғамның 1993-ші жылдан бері Абай көшесі бойындағы 12 қабат тұрғын үйдің астыңғы қабатындағы 446 шаршы метр жерді пайдаланып, сол жерде мүгедек аналарға және олардың кәмелетке толмаған балаларына түрлі көмектер көрсетіп, әртүрлі іс шара өткізетін орын ретінде керектеніп келгенін ескермей ‘АлматыГаз‘ жабық акционерлік қоғамына сыртымыздан сатып жіберіпті дейді ‘Бибі-Ана‘ қоғамдық ұйымының жетекшісі Бибігүл Иманғазина.
Оның айтуынша бұрынғы әкім Храпунов мырза 12 қабат тұрғын үйді ‘Алматы Газ‘ ЖАҚ –қа 212 млн теңгеге сатқан. Содан өзі шығыс Қазақстан облысына әкім болып кеткен. Содан бері қала әкімдігі мен соттың есіктерін тоздырып біттік, бәрінен еститін жабаумыз бұл бұрынғы әкім тұсында істелген нәрсе екен , оған ешнәрсе істей алмаймыз дегенді айтады. Тіптен қәзіргі қала әкімі И.Тасмағамбетов те солай деп отыр. Содан басқа амалымыз қалмаған соң президентке ашық хат жолдап отырмыз дейді Б.Иманғазина.
‘Бибі-Ана‘ қоғамдық ұймының мүшесі, Алматы тұрғыны Иембала Жұмабекованың айтуынша осы тамыздың 1-нен бастап ‘АлматыГаз‘ мүгедек аналар отратын үйге электр жарығын, су беруді тоқтатып тастаған. Сондағы сылтаулары осы 12 қабат үйге жөндеу жасаймыз, сондықтан барлық тұрғындар шығулары керек дегенді айтады ал мүгедек аналар өз күшімен осы өздері отырған 12 қабат үйдің астыңғы қабатын 20 млн теңгеге күрделі жөндеуден өткізіп алған болатын дейді ол.
‘Бибі-Ана‘ ұйымының төрайымы Б.Иманғазинаның айтуынша бұл жер мүгедек аналардың жиналып өздерінің басындағы қиындықтарын айтып, ақылдасатын жері еді, сондай ақ олардың кәмелетке толмаған балалары компьютер үйреніп, түрлі іс шаралар өткізетін орынға айналғанды енді тек қиындықтар басталды. Егерде президенттен қандай да бір дұрыс жауап болмаса онда ашынған аналар аштық жариялауға дейін баруға дайын отыр дейді ол.
Осы мүгедек аналардың үй баспанасы мәселесіне байланысты ‘АлматыГаз‘ жабық акционерлік қоғамы президентінің орынбасары Николай Жулин мырзадан түсініктеме алу мүмкін болмады.