Қазір үстінен 400 миллион теңгеден астам сот шағымы бар «Свобода слова» газетінің редакторы Гүлжан Ерғалиева соңғы кездері аймақтардан оқырмандардың «газеттеріңіз қолға тимей кетті» деген шағымы көбейіп кеткендігін айтады.
«Осы және өткен аптадан бері Тараз, Қостанай, Өскемен, Алматыдан газет сатушыларымыз милиция қызметкерлері мен әкімшілік өкілдерінің газеттерді тәркілеп, сатушы лицензиясынан айратындықтары туралы ескертулер айтып, қоқан-лоққы жасап кететіндіктеріне шағымданады. Өздерін Жамбыл Жабаев пен Қарасай батыр ұрпақтарымыз дейтін кейбір азаматтар «ар-ұжданымызға нұқсан келтірді» деп, біздің үстімізден сотқа шағым түсіріп, бізден 400 миллион теңге өндіріп алуды көксеп жүр еді. Енді оған бір туристік фирманың 5 миллион теңгеге берген арызы қосылды. Мен бұл әрекеттерді биліктің арыдан ойластырған, кең ауқымды, жан-жақты тәуелсіз басылымдарға деген қысымдарының бір айласы деп бағалаймын. Бүгінгі күнге Қазақстанда біздің газеттей ешқандай газет қитұрқы қысымдардың түріне тап боп отырған жоқ. Бірақ, мен Қазақстан оқырмандарының өзіне сенемін, осындай газетті жапқыза қоя ма екен?! Биліктің бұл қитұрқы әрекеті халықаралық қауымдастықтың назарынан тыс қалмас деп ойлаймын», - деді газет редакторы Гүлжан Ерғалиева.
Сондай-ақ, «Тасжарған» газетінің редакторы Бақыт Мәкімбай да өздерінің қысым көріп жатқанын айтады.
«Біздің Қазақстанда сайлау науқаны басталған кезде біздің биліктің бір әдеті - тәуелсіз газетке тиісуді бастайды. Олар сонау тоқсаныншы жылдан бері жаттанды боп қалған әдеті. Дәл осы жолы да «Дат» жобасының газеті «Тасжарғанға» да прокуратура тарапынан осымен үшінші ескерту әкеліп отыр. «Бұл заң бұзушылық, сіздер әкімшілік жазаға тартыласыздар» деп заңдардың ұзын сонар санын санап жазыпты», - дейді Б.Мәкімбай.
Сонымен қатар Мәкімбай тәуелсіз газеттің аймақтарға жетпей, бөлшек саудаға түскен газетті түгелдей белгісіз адамдар сатып әкетіліп жатқаны туралы хабарлар жиілеп кеткенін айтты.
«Қазалы қаласындағы болған оқиғаны көрген адам, «Нұр Отан» партиясының мүшелері біздің газетімізді қотара сатып әкеткендігін айтады. Ал енді Шымкент пен Атыраудағы оқиғаларға Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен жергілікті жердің ішкі саясат бөлімінің қызметкерлерінің осындай әрекетпен шұғылданатыны бізге бесенеден белгілі. Олар халыққа мына шындық, әділет туралы боп жатқан ақпарат жетпесін деген әрекеті», - дейді Мәкімбай.
Қазақстандағы сөз бостандығының ахуалына бақылау жасайтын «Әділ сөз» қорының жетекшісі Тамара Калеева осыған ұқсас жайттар өткен сайлауларда болғанын еске алады.
«Әзірге қандай да қортынды жасауға ерте болғанымен, тәуелсіз басылымдарға қарсы жасалып отырған қысымдар өткен сайлау кезіндегідей сипат алып отыр. Бірақ, ол барлық жерде бірдей дей алмаймыз. Десе де, ондай қысым түрлері сайлау жақындаған сайын үдей түседі деп болжап отырмыз», - деді Т.Калеева.
Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комиеті баспасөз жетекшісі Кенжеболат Бекназаров тәуелсіз басылымдарға қатысты әлгіндей оқиғаларға «комитеттің еш қатысы жоқ» дейді. Ал Бас прокуратураның баспасөз жетекшісі Сәулебек Жәмкенов тәуелсіз газет редакторларының шағымына байланысты былай дейді:
«Ол - қысым емес, ескерту, заңға түсініктеме беріп жатыр. Шынымен, заң бұзылған, сайлау науқаны басталмай тұрып олар үгіт-насихат жұмысын бастап кеткен. Заң бұзылғаны анықталған. Соған байланысты кейбір газеттерге ескерту жасалды».
Сонымен қатар ол газеттің оқырмандарға жетпей жатқандығына да биліктің қатысы жоқ деп санайды.
«Онысы саяси партиялардың бір-біріне қарсы істеп жатқандары шығар. Жалпы, менің білуімше, қай жерде болсын, ешқандай қысым көрсетілмесін деген нұсқау бар. Өткен сайлауда, есіңізде болса, әлгі «жабайы Арман» дейтін біреу, оппозиция кандидаты Жармаханға тиісіп, бір масқара боп еді ғой. Менің білуімше, әкімшілік тарапынан, не бір мемлекеттік орган тарапынан сондайды ұйымдастыру фактылары болатын болса, оған ешқандай аяушылық болмайды деген ескерту бар. Бұрынғыдай үрдіспен «артық қыламын деп, тыртық қылу болмасын, ол бүкіл мемлекетіміздің бетіне шіркеу» деген нұсқау, ескерту бар. Сондықтан, мынау жағдай партиялар арасындағы тартыстан туып отырған нәрсе шығар. Мысалы, «Ақ жолды» мақтап шыққанын естіп қап, ана жақ түгел қотара сатып әкетуі мүмкін ғой. Не болмаса «Нұр Отанды» мақтап жатқанын біліп, аналар сатып әкетуі мүмкін ғой. Мен өзім солай ойлаймын. Мемлекет тарапынан болуы мүмкін емес», - дейді Бас прокуратура өкілі.