ИСЛАМАБАД: Пәкістан президенті П.Мушарраф елге төтенше жағдай орнатпайды. Пәкістан үкіметінің ресми өкілі Әли Деррани “Азаттық” Радиосына осылай деп хабарлады. Кеше Исламабадта П.Мушаррафтың үкімет мүшелерімен кездесуінен кейін осындай шешім қабылданды. Одан бұрын Пәкістанның ақпарат министрі президенттің елге төтенше жағдай орнату мәселесін ойластырып жатқанын хабарлаған болатын. Осы мәселеге байланысты түрлі қауесет П.Мушаррафтың Кабулда басталған ауған-пәкістан конференциясында сөз сөйлеуден бас тартуынан кейін шыға бастады. Пәкістан мен Ауғанстанның 700-дей ақсақалы Кабулдағы 3 күндік басқосудың барысында Талибан мен экстремистік “Әл-Қаида” ұйымына тойтарыс берудің амалдарын талқылау үстінде.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Алаштың" алғашқы қадамы. Қамаудан шыққандар қайта қамалды