НЬЮ-ЙОРК: БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы Ресей грузин территориясына зымырандық соққы берді деген ресми Тбилисидің мәлімдемесі бойынша шұғыл мәжіліс өткізуден бұрын, Кеңеске мейлінше көп мәлімет керек деп мәлімдейді. Қауіпсіздік Кеңесіне қазір төрағалық ететін Конго Республикасының өкілі Паскаль Гайяма мәлімдегендей, Кеңестің мүшелері осы оқиға туралы әсіресе Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан көп ақпарат алуды тосатын болып шетті. Ресей қарулы күштерінің өкілдері өзінің соғыс ұшағы Грузияның астанасы – Тбилисиден тыс жерге зымырандық соққы беріп, ол жарылмады деген грузин жағының мәлімдемесін теріске шығарды.
Грузияның мәлімдемесін шұғыл қараудан бұрын БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесі көп мәлімет талап етті
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Бір қадам алға, екі адым кейін
Kaspi.kz ақша аударымына салық салу. Билік ескі мәселені қайта көтерді
-
Ақорданың сөзі мен ісі
"Бәрін Назарбаев шешіп отыр". Белсенділер Тоқаевтың саяси реформасына сенбейді
AzattyqTV