Косовоның албан басшылары Сербиядан бөлініп, осы жылдың соңына таман тәуелсіздік алсақ жөн деп мәлімдеді. Косово бас министрі Ағым Чекудің әкімшілігі мәлімдеме жасап, тәуелсіздіктен басқа жолды қарастырмаймыз, АҚШ, Еуропа Одағы және Ресей елшілеріне осындай шарт қойылды дейді. Халықаралық ара-ағайындық жасап жүрген топ кеше Приштина қаласына барып жетті. Косовоның албан басшылары провинцияға тәуелсіздік берілсін деп келеді. Сербия басшылары бұған қарсы, Косовоға кеңірек автономия берілсе жеткілікті дейді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азия мафиясы
Равшан Золотой, Дикий Арман және өзбек қылмыс әлеміндегі дау
-
Шығыс Қазақстан облысы
"Оқушы жалдап, жүгеріні қолмен тердік". Зайсан шаруалары комбайнға зәру
AzattyqTV