Бомба шабуылынан кеше провинция әкімі Халел Жәлел Хамза және полиция бастығы, генерал-майор Халид Хасан қаза тапты. Олардың бірнеше оққағары да мерт болды. Олар жерлеуден қайтып келе жатқан. Диуания провинциясында комендант сағат тәртібі орнатылды. Қаза тапқан провинция әкімі шиитердің беделді партиясына қатысатын.