ТЕҺРАН: Теһраннан келіп түскен хабарға қарағанда, президент М.Ахмадинеджадтың үкіметінен 2 министр қызметінен кетті. Таяуда газ құбырына байланысты сынға ұшыраған Иранның мұнай өнеркәсібі министрі Казем Вазири-Хаманеһ қызметінен босатылып, оның орнына Голамхосеин Нозари тағайындалды. Өнеркәсіп және дін істері бойынша министр Әли-Реза Тахмасеби де қызметінен түсті. Осы екеуі – М.Ахмадинеджадтың 2005-інші жылы президент болып сайлануынан бері оның үкіметі құрамынан кеткен 3-інші және 4-інші министрлер болып отыр. Бақылаушылардың пікірінше, 2 министрдің түсуіне Ирандағы әлі жалғасқан экономикалық дағдарыс себеп болса керек.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Шәкерім, тарих және Жаңаөзен. Мұхтар Мағауин мұрасына тарихшы көзқарасы