Ресей президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі өкіл Владимир Лукин оппозициялық журналист Лариса Арап психиатриялық ауруханадан шығарылып, үйінде емделу керек деді. Ал Ресей Тәуелсіз психиатрлар бірлестігінің президенті Юрий Савенко журналист Лариса Араптың денсаулығын тексеріп, ол ауруханада еш негізсіз ұсталып отыр деді. Лариса Арап ауруханаға шілде айында қамалған, ол психиатриялық ауруханада науқас адамдар азапталады екен, жыныстық қатынасқа мәжбүрленеді екен деп мақала жазғанмын, сол үшін қудалауға тап болдым дейді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
1992 жылғы 31 мамырдағы аза тұту күні неге Назарбаевсыз өтті?
AzattyqTV