Accessibility links

Қазақстанда парламенттік сайлаулар өтуде


Бүгін Қазақстанда парламенттің төменгі палатасы мәжіліс пен жергілікті мәслихат сайлаулары өтіп жатыр. Орталық сайлау комиссиясы түскі сағат 2-ге дейін дауыс берушілердің 44,49 пайызы сайлауға қатысты деген. Сайлауда дауыс беруге келген ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев:

«Бүгін біздің тәуелсіз ел ретінде дамуымыздағы тағы бір маңызды күн. Біз елдің конституциясына өзгерістер енгіздік. Біз осы өзгерістерді барлық саяси партиялар білдіріп жүрген ұсыныстар төңірегінде өз халқымызды біріктіру үшін жасадық», - деді.

Қазақстандағы сайлауды халықаралық бақылаушы ретінде бақылап жүрген Германиялық ақпарат агенттігі сайлау таза әрі ашық өтіп жатыр деген. Елдегі сайлауға қатысу құқы бар 8,9 млн халық парламенттік сайлауға түсіп жатқан жеті партия бойынша дауыс береді. Президент Нұрсұлтан Назарбаев жетекшілігіндегі «Нұр Отан» партиясы 107 орындық мәжілістен көп орынды иеленеді деп күтіліп отыр.
XS
SM
MD
LG