Сонымен сайлау аяқталды. Қазақстан парламентінің мәжілісі тек «Нұр Отан» партиясының мүшелерінен құралатын болды. Бұл паламенттік сайлауға билік, перзидент сөзімен айтсақ «бұл барша Қазақстандықтардың жеңісі болды» деп бағасын беріп те қойды. Сонымен қатар бірқатар ТМД және ШОС бақылаушылары да өз көзқарастарын айтып жатыр. Олар да бір-бірінен айтарлықтай алшақ емес. Ал парламентке өтпеген оппозиция болсын, басқа партия өкілдері болсын, БАҚ өкілдерінің алдында өздерінің наразылығын білдіргендері болмаса, «әліптің артын бағалайық» дегендей, үн-түнсіз. Әрине, бұл сайлауды қортындылау әзірге ерте, дегенмен бұл сайлаудың Қазақстан халқына берер сабағы туралы, белгілі оппозиционер журналист Рысбек Сәрсенбайұлы былай дейді:
«Қазір бізге сайлаудың негізгі сабағы, мына қалыптасып қалған көзқарастан, қалыптасып қалған қорқыныш-үрейден адамдарды арылтуымыз керек. Мәселе - билікке баруда емес! Парламентке баруда емес. Ең бастысы адамдардың көңіліндегі қорқыныш-үрейді кетіруіміз керек. Сайлауға халықтың басым бөлігі барған жоқ. Мұны мен 32-ші сайлау округіндегі партия атынан сайлау барысын қадағалаған адам ретінде анық көзім жетті. Тізім бойынша дауыс беруге тиісті 19 мың адамның алты мыңнан астамы ғана дауыс берді. Былайша айтқанда 30 пайыздың көлемінде. Оның өзінде біздің партияға 22-24 пайыз аралығында дауыс берді. Бұл нені көрсетеді? Бұл Алматыдағы халықтың белсенділігін көрсетеді. Басқа жердерде де халық белсенділік көрсете қойған жоқ. Біз ауылды жердегі елді мекендерде болдық . Ауылдағы халық қазір шөбімен, егінімен жүр, жайлаудағы малымен әуре. Ауылда адам аз қалған, ал сол аз адамның өзі дауыс беруге барғысы келмейді. Өйткені билікке деген сенімін жоғалтқан. Сайлауға деген сенімін жоғалтқан. «Сайлауға біз дауыс бергенмен, біздің даусымыз бәрібір бұрмаланады» деп, бармай отырған адамдар көп. Биіктің мынау, «сайлауға 60 пайыздан астам адам қатысты, біз 88 пайыз дауыс алдық» дегені – ол енді өтіріктің шектен шыққан түрі. Осындай ,билік халықты алдап тұрған жағдайда, біз алданып тұрған халыққа «Ал, не істейміз?!» деп, бүгін алдына баруымыз керек, халықтың үнін бүгін айтқызуымыз керек. Ертең - кеш болады».
Ал АҚШ мемлекеттік департаментінен сайлауға беретін басқа баға күтуге болмас та еді дейді, көп жылдар сайлау бақылаушысы болып қызмет атқарған, қазір «Ұлт тағдыры» қоғамдық қозғалыс жетекшісі Дос Көшім.
«Сайлаудың заңы сол 2005 жылғы күйінде қалса, оны өткізетін адамдар сол 100 пайыз сол күйінде қалса, әрине бұрынғы барлық кемшіліктер орын алары сөзсіз. Әсіресе төменгі деңгейде, облыстық, аудандық деңгейде, менің ойымша, «Сайлау туралы заңның» бұзылуы міндетті түрде орын алады. Бұның неше түрлі себебі болуы мүмкін. Сайлау комиссияларының дайындықтарының төмендігі, заңның сақталмауы, жергілікті әкімшілік ресурстардың пайдалануы, атқарушы биліктің сайлау нәтижесіне тікелей әсер етуі... Бұның бәрі баяғыдан, 1999 жылдан бері болып клеле жатқан мәселелер».
Белгілі саясаттанушы Әзімбай Ғали бұл сайлаудың негізігі қортынсы «зор үмітпен басталған жылымық қайтадан тоңазуға апаратын сияқты» дейді.
«Бұл билік тарапынан - тактикалық ұтылыс. Оппозициядан оншақты депутат кіргеннен «Нұр Отан» заң шығарушы органды қадағалауын басымдылықпен сақтайтын еді. Бірақ, тағы да, зор үмітпен басталған жылымық, тоңазуға апаратынға ұқсайды. Сондықтан бұл сайлауды менің ойымша, қалдықты әкімшілік технология пайдаланды. Яғни, дауыстарды санау кезінде бір кінараттар болғанға ұқсайды».
Ал тағы бір танымал саясаттанушы Досым Сәтпаев былай дейді:
« АҚШ бағасы осындай болатынын болжау қиын емес еді, себебі осыған дейін Қазақстанда өткен, бір сайлауға да олар «демократиялы, не әділ сайлау» деп баға берген емес. Десе де ОБСЕ бақылаушысының «парламентінде бір ғана партия билігі жүретін мемлекет, демократиялық ел деп айтуға келмейді» деп берген бағасы маған өте ұнады. Әрине, бұл халықаралдық қауымдастытықты «бізде бәрі де жақсы» деп бар күшімен сендіргісі келген Қазақстан билігі үшін өте ыңғайсыз жағдай. Батыстың БАҚ-дары да біздегі өткен сайлауға асқан сенімсіздікпен, тіпті кейде, мысқылмен қарайтындықтары байқалады. Себебі батыс әлемі Қазақстан билігінің айтқандарын керісінше қабылдау керек екенін жақсы түсінеді. Өйткені, шын мәнінде мұндағы жағдай демократияны бет перде тұтқан тұрпайы авторитаризм екенін олар жақсы біледі».
Сайлауға қортынды жасау әзірге ерте шығар, бірақ Әзімбай Ғали мырза бірқатар халықаралық бақылаушылардың екіұдайы берген бағасына келіспеймін дейді.
«Енді, әрине, ОБСЕ-ның бағалауын күту керек. Ал ОБСЕ-ның сайлауды бақылаған өкілдерін бастап келген Любомир Копайдың айтқаны маған түсініксіз болды. Бір жағынан «прогресс», бір жағынан «парламентте тек бір партияның болғаны ыңғайсыз» деген сияқты... Оның турасын айту керек еді, бірден анық, бұқпай, мәймеңкөлемей».