ХАЙДАРАБАД: Үнді полициясының хабарлауынша, елдің оңтүстігіндегі Хайдарабад қаласындағы 2 жарылыстан кейін жүргізілген тінту шарасының нәтижесінде тағы талай бомба аңғарылып, залалсыздандырылды. Сенбі күні түнде Андра-Прадеш штатының орталығындағы ойын-сауық орталығы мен кафеде болған әлгі 2 жарылыстан 42 адам қаза болып, 60-тай кісі жараланды. Андра-Прадеш штатының премьер-министрі бұл қастандық үшін Бангладеш пен Пәкістанды паналаған террористік ұйымдарды айыптады. Әзірше ешкім тұтқындалған жоқ. Хайдарабадта үндіс пен мұсылман қауымдастықтарының арасында жиі жанжал шығып тұрады.
Үндістандағы 2 жарылысты көрші Бангладеш пен Пәкістанды паналаған террористер іске асырды деген күдік айтылып отыр
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
СПИД-пен күрес күні
"ВИЧ адамның мінез-құлқын сипаттамайды". Ауру – үкім емес