КРОУФОРД: Ирақтағы шейт, сүннит және күрд қауымдастықтары жетекшілерінің өзара бітімге келуін Америка Құрама Штаттары ыстық ықыласпен қабылдады. Ақ үйдің таратқан осы мәлімдемесінде айтылғандай, Ирақ лидерлерінің бүкіл халықтың пайдасы үшін өзара ынтымақтасу жөнінде уағдаласуы “өте маңызды қадам” болып табылады. Жексенбі күні Бағдадта бірлесіп өткізген баспасөз-маслихатында шейт, күрд және сүннит қауымдастықтарының көсемдері елдегі ұлттық және діни топтардың өзара ынтымақтасуын көздейтін бірқатар маңызды мәселе бойынша келісімге келгендерін жариялады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Классикалық үлгідегі саяси партия қалыптаспады". Дос Көшімнің қос сұхбаты