Бұл жөнінде Пәкістан әскерилері мәлімдемесінде айтылған. Ол зымыран ядролық қаруларды таси алады екен. Раад немесе араб тілінен аударғанда “Наизағай” деп аталатын бұл зымыран 350 километрлік радиуста әрекет ете алады. Сондай-ақ оқтұмсықтардың барлық түрлерін таси алады. Мәлімдемеге қарағанда, бұл зымыранды бұрыннан бері Пәкістан дамытып келеді екен.