ТБИЛИСИ: Кеше Тбилисиде бұрынғы мемлекеттік қауіпсіздік министрі Игорь Гиоргадзенің саяси блогіне кірген партиялар мен қозғалыстардың жетекшілері мен белсенділерінің ісі бойынша сот процесі аяқталды. Мәскеуде бас сауғалап жүрген И.Гиоргадзеге 90-ыншы жылдары бірнеше террористік қастандық ұйымдастырды деген айып тағылса, ал оның 12 үзеңгілесіне өткен жылдың күзінде “мемлекеттік төңкеріс ұйымдастыруға әзірленді” деген айып тағылды. Осы айып бойынша 12 адам 4 жылдан 8 және 8.5 жыл мерзімдерге кесілді. Адвокаттар бұл істі “ойдан құрастырылды” деп бағалап, сот шешімін бұздыру үшін тіпті адамның құқы бойынша Еуропа сотына дейін шағымданатындарын мәлімдеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Теміртаудың түтіні
Тұрғындардың шымбайына батқан экология мәселесі неге шешілмей келеді?
AzattyqTV