Accessibility links

Кербалада шиит қажыларына шабуыл жасалды


Бүгін Ирақтың қасиетті қаласы Кербалада үлкен діни мерекесін атап өтуге жиылған жүз мыңдаған шиит қажыларына қарсы шабуыл жасалып, ондаған адам жараланып, кемінде 2 адам қаза тапты. Полицияның айтуынша, имам Хуссейн ғибадатханасы жанында қарулы адамдар полицияға оқ атқанда, екі жақты атыс басталып кеткен. Қауіпсіздік күштері бұл аймақты қатты бақылауға алып отыр. Кеше де полиция мен шиит қажылары арасында қақтығыс болып, кемінде бес адам қаза болған.
XS
SM
MD
LG