Қуғында жүрген бұрынғы Пәкістан премьер-министрі Беназир Бхутто президент Первез Мушаррафпен билік бөлісу жөнінде келісім жасауға жақындап қалғанын айтты. “Ассошиэйтед Пресс” ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Бхутто ханым Первез Мушарраф армия басшылығынан кетуге келісті деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Мушарраф келесі мерзім үшін президентікке түсердің алдында қыркүйек немесе қазан айында армия басшысы міндетінен бас тартуы әбден мүмкін. Беназир Бхутто, сондай-ақ, өзіне тағылған айыптардың алып тасталынатынын айтты. Қамауға алу қауіпі төнген соң Бхутто ханым 1999 жылы Пәкістаннан кетіп қалған болатын. Дәл сол жылы Мушарраф төңкеріс жасап билікті өз қолына алған тұғын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Шыңжаңдағы қуғын-сүргін
"Туындыларым қар көшкендей әсер етсе деймін". Қазақстандық фотограф Ядыкар Ибраимовтың күресі