Ресей мен Әзірбайжан және АҚШ мамандары қыркүйектің 15-де Бакуде кездесіп, зымыраннан қорғаныс мәселесін талқылайды. Бұл туралы Ресей премьер-министрінің орынбасары Сергей Нарышкин хабарлады. Оның айтуынша, үш елдің мамандары Чехияда зымыраннан қорғаныс жүйесін орнату жоспарының орнына Әзірбайжандағы радар бекетін бірлесіп пайдалану жөніндегі Ресейдің ұсынысын талқылайтын болады. АҚШ-тың Орталық Европада зымыраннан қорғаныс жүйесін орнату жөніндегі жоспары біздің мүддемізге қауіп төндіреді, дейді Ресей жағы. Ал АҚШ болса аталған жүйе Ресейге емес Ираннан атылуы мүмкін болған зымырандарды тоқтатуға бағытталады дейді.