Accessibility links

Ресей өзінің парламентін Қазақстандағыдай түгел “партия тізімдерімен” сайлайды


МӘСКЕУ: Бүгін Ресейде ресми түрде сайлауалды науқаны басталды. Ресей баспасөзі президент В.Путиннің кезекті парламент сайлауын 2-нші желтоқсанда өткізу туралы жарлығын жариялады. Мемлекеттік думаның 450 депутаты Қазақстандағы секілді түгел партия тізімдері бойынша сайланады. Партиялардың парламентке өту межесі 5 пайыздан 7 пайызға дейін көтерілді, сайлау блоктарын құруға тыйым салынды, дауыс беру бюллетеніндегі “барлығына қарсы” деген тарауы жойылды. Соңғы 3 жылда Ресейдегі саяси партиялардың саны 44-тен 15-ке дейін қысқарды.
XS
SM
MD
LG