Accessibility links

2 күндік “Сидней саммиті” қорытынды декларация қабылдаумен аяқталды


СИДНЕЙ: Азия және Тынық мұхит аумағының экономикалық ынтымақтастығына мүше мемлекеттердің басшылары сауда мәселесі бойынша бүкіл әлемдегі келіссөздерді мейлінше тез аяқтауға шақырады. Келіссөздерді тығырыққа тіреген барлық қарама-қайшылықтың шешімін осы жылдың соңына дейін табуға шақыратын мұндай үндеу Сидней қаласында болып өткен саммиттің қорытынды декларациясына енгізілді. 2 күндік “Сидней саммитіне” аталған аймақтағы 21 елдің, оның ішінде Қытай, Ресей және АҚШ лидерлері қатысты.
XS
SM
MD
LG