КАБУЛ: Ауғанстан президенті Х.Қарзай Талибан қозғалысымен келіссөз өткізуге дайын екенін тағы да қайталады. Ауған президенті бұл сөзін бүгін Кабулда өткізген баспасөз-маслихатында айтты. Оның алдында Талибанға қарсы ауған альянсының бас қолбасшысы Ахмад Шах Масудтың қастандықтан қаза болуының 6 жылдығына арналған Кабул стадионындағы рәсімге бір топ адам бұзып кірмек болған кезде Х.Қарзай өзінің сөзін дереу үзіп, мінберден тез түсіп кетіп қалды. “Рейтер” агенттігінің хабарлауынша, Х.Қарзай атыстың жаңғырығынан сескенсе керек. Бірақ, басқа мәлімет бойынша, ешқандай атыс болмаған, стадионға бұзып өтпек болған жұрт тас атқылаған көрінеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азия мафиясы
Равшан Золотой, Дикий Арман және өзбек қылмыс әлеміндегі дау
-
Шығыс Қазақстан облысы
"Оқушы жалдап, жүгеріні қолмен тердік". Зайсан шаруалары комбайнға зәру
AzattyqTV