ВАШИНГТОН: АҚШ әскерін Ирақтан мейлінше ерте шығара бастау керек. Президент сайлауына Демократиялық партиядан түсетін үміткерлердің арасындағы пікірсайыста Нью-Йорктен сайланған сенатор Х.Клинтон осылай деп мәлімдеді. Клинтон ханымның айтуынша, “Ирақ проблемасының әскери шешімі жоқ”. Бүгін АҚШ Конгресінде Ирақтағы ахуал бойынша баяндама тыңдалады. Ол баяндаманы Ирақтағы АҚШ әскерінің бас қолбасшысы Дэвид Петреус пен АҚШ-тың Бағдадтағы елшісі Райан Крокер жасайды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Шәкерім, тарих және Жаңаөзен. Мұхтар Мағауин мұрасына тарихшы көзқарасы