ТОКИО: Жапон премьер-министрі Синдзё Абэ үкімет басынан кетеді. Ол туралы бүгін ешбір себебін түсіндірмеген оның өзі хабарлады. С.Абэ – экономикалық реформаларды жалғастыруға және қорғаныс пен қауіпсіздік саласында белсенді саясат жүргізуге уәде беріп Күншығыс елінің үкімет басына 1 жыл отырған болатын. Алайда, осы уақыттың ішінде үкімет ішінен бірқатар қаржылық жанжал шығып, үкімет басындағы Либерал-демократиялық партия парламенттің жоғарғы палатасын сайлауда ойсырай жеңілді. Жапон баспасөзінің хабарлауынша, ЛДП жаңа премьер-министрді 19-ыншы қыркүйекте сайлауы мүмкін.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Бір қадам алға, екі адым кейін
Kaspi.kz ақша аударымына салық салу. Билік ескі мәселені қайта көтерді
-
Ақорданың сөзі мен ісі
"Бәрін Назарбаев шешіп отыр". Белсенділер Тоқаевтың саяси реформасына сенбейді
AzattyqTV