Accessibility links

Ресей Иранға қарсы шабуыл жасалуы мүмкін деп алаңдайтындығын білдірді


Ресей Иранның ядролық бағдарламасына байланысты оған қарсы шабуылдар жасалуы ықтимал деген кейбір баспасөз хабарларына қатысты алаңдаушылық туындап отырғанын айтады. Бұл жөнінде Мәскеуде Франция сыртқы істер министрі Бернард Кушнермен әңгімелесулерден соң, Ресей сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Сергей Лавров баспасөз-мәслихатында мәлімдеген. Жексенбі күні Кушнер егер Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі мәселе дипломатиялық жолмен шешілмесе, әлем Иранға қарсы соғысқа әзірленуі тиіс болады деп ескерткен еді.
XS
SM
MD
LG