Accessibility links

Ирақ үкіметі бірнеше бейбіт тұрғынды өлтірген оқиғаны тергеу үстінде


БАҒДАД: АҚШ үкіметі Ирақтағы дипломаттары мен басқа да бейбіт қызметкерлерінің Бағдад қаласындағы жақсы күзетілетін “Жасыл аймақтан” тыс жерде ары-бері жүруіне уақытша шектеу қойды. Мұндай шараға таяуда АҚШ дипломаттарымен болған төтенше оқиға себеп болды. Дипломаттардың автокеруенін күзеткен жеке-меншікті “Блэкуотер” агенттігінің жасағы шабуылға тойтарыс беремін деп бірнеше бейбіт тұрғынды оққа ұшырды. Ирақ үкіметі әлгі күзет агенттігіне берген лицензиясын тоқтатып, қазір қайғылы оқиға тергелу үстінде.
XS
SM
MD
LG