Accessibility links

Ресейде парламенттік сайлауалды науқаны қызып келеді


МӘСКЕУ: Ресейде саяси партиялардың сайлауалды жиындары өтіп жатыр. Бүгін “Ресейдің патриоттары” партиясы Мемлекеттік думаға 2-нші желтоқсанда өтетін сайлауға түсетін үміткерлерінің тізімін мақұлдауға тиіс. Тізімді партияның көсемі Геннадий Семыгин мен Мемлекеттік думаның бұрынғы спикері Геннадий Селезнев бастайтын тәрізді. Осыған дейін сайлауалды сиездерін Ресей компартиясы, Аграрлық партия, “Справедливая Россия” және “Гражданская сила” партиялары өткізіп үлгерді.
XS
SM
MD
LG