НЬЮ-ЙОРК: Штаб-пәтері Нью-Йоркте орналасқан “Журналистерді қорғау комитеті” 2007-нші жылға арналған “Баспасөз бостандығы үшін” сыйлығымен Ресейден, Пәкістаннан, Қытайдан және Мексикадан шыққан 4 журналисті марапаттайтын болып шешті. Лауреаттардың ішінде Ресейдегі “Новая газета” басылымының бас редакторы Дмитрий Муратов бар. 1993-інші жылдан бері осы газеттің 3 журналисі құрбан болды. Олардың ішінде Чешенстан мен Солтүстік Кавказдағы оқиғаларды тәуелсіз әрі әділ сипаттап жазып келген А.Политковская бар. Сыйлықты тапсыру рәсімі қараша айында өтеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?