Accessibility links

Ауған президенті коалиция күштерін бейбіт халықты қасақана қырмауға шақырды


НЬЮ-ЙОРК: БҰҰ-ының Бас Ассамблеясында Ауғанстан президенті Хамид Қарзай өз еліне терроризмнің қауіп төндіріп тұрғанын және елдің қауіпсіздігін нығайту үшін халықаралық көмекке мұқтаж екенін мәлімдеді. Сейсенбі күнгі сөзінде Х.Қарзай ауған үкіметінің кедейлікке, терроризмге және есірткі өндірісіне қарсы күресін жалғастырып жатқанын атап көрсетіп, халықаралық қоғамды елдің қауіпсіздігін қорғай алатын ауған күштерін жаттықтыруға үгіттеді. Сонымен қатар Х.Қарзай коалициялық күштерді соғыс қимылдары барысында бейбіт халықты қасақана қырмауға шақырды.
XS
SM
MD
LG