Accessibility links

Н.Назарбаев ядролық қарудың тарауына шектеу қоятын келісімді өзгертуді ұсынды


НЬЮ-ЙОРК: Қазақстан президенті Н.Назарбаев ядролық қаруы бар мемлекеттерді үлгі-өнеге көрсетуге шақырды. Сейсенбі күні БҰҰ Бас Ассамблеясының ашылуында сөйлеген сөзінде Н.Назарбаев: “...ядролық мемлекеттер жойқын қару шығаруға тыйым салуға шақыратын болса, онда олар ядролық қаруын қысқартудың, ядролық арсеналынан бас тартудың үлгісін көрсетуге тиіс. Олай болмай отыр. Мұндай әділетсіздік жойқын қаруға ұмтылған елдерге желеу болып жатыр”, деп мәлімдеді. Қазақстан президентінің атап көрсетуінше, ядролық қарудың тарауына шектеу қоятын келісімді заман талабына сайкес өзгерту керек.
XS
SM
MD
LG