Accessibility links

БҰҰ-ның Бас хатшысы Мьянмаға өзінің арнаулы өкілін жібереді


ЯНГОН: Бүгін таң сәріде Мьянманың қауіпсіздік күштері буддистердің бірнеше шіркеуіне шабуыл жасады. Оның ішінде негізінен Янгон қаласындағы 2 шіркеуден таң сәріде кем дегенде 200 будда сопысы тұтқындалды. Одан бір күн бұрын әскери хунтаның билігіне қарсы наразылық шеруіне шыққан 10-даған мың халықты ресми билік көкке оқ атып, көзден жас ағызатын газды қолданып, полицияның таяққа жығуымен күштеп таратқан болатын. БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ки-Мун елге кіруге хунтаның рұқсатын алу үшін Мьянмаға өзінің арнаулы өкілін жолдайтынын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG