Сәрсенбі күні Қызыл крестің төрт қызметкерін тұтқынға алғандармен Вардак провинциясының ресмилері тілдескен. Вардактағы Сайд Абад ауданының губернаторы Қызыл крест комитеті кепілдік тұтқынындағыларды босату үшін әскери қимылдарға барудың қажеті жоқ деп кеңес бергенін айтқан. Кепілдік тұтқынына алғандардың кімдер екені әзірге анық емес. Талибан болса Қызыл крест өкілдерінің ұрлануына біздің қатысымыз жоқ деп мәлімдеген. Кепілдікке алынғандардың екеуі ауғанстандық, біреуі македониялық, біреуі Мяьнмардан.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Бодандық немесе аннексия тарихы. Азаттықтың эфирі неге "Елім-ай" мақамымен басталған?
-
Дәулетмұрат Тәжімұратов
"Билік өз қателері үшін жауапкершілікті белсенділерге артты". Түрмедегі қарақалпақ белсендісі
AzattyqTV