Accessibility links

Иранға оның ядролық бағдарламасы туралы баяндама жарияланғанша жаңа санкциялар салынбайды


БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты бес мүшесі мен Германия санкцияларды кейінге шегере тұруға келісті. Баяндамаларды қараша айында Халықаралық атом энергиясы агенттігінің басшысы Мохаммед Елбарадей мен Европа одағы жетекшілерінің бірі Хавьер Солана жасауы тиіс. Алты мемлекет өкілдерінің мәлімдемесінде егер баяндамаларда Иранның ядролық бағдарламасын тоқтату бағытында алға жылжушылық байқалмаса, Қауіпсіздік кеңесіне Иранға қарсы жаңа санкциялар енгізу туралы ұсыныс жасалады делінген.
XS
SM
MD
LG