Accessibility links

Ауғанстандағы тәліптер Кабулдағы ресми билікпен келіссөзге отырмайды


КАБУЛ: Ауғанстандағы Талибан қозғалысы елден шетел әскерлері шығарылмай, ауған үкіметімен келіссөзге отырмайды. Талибанның өкілі “Ассошиэйтед-Пресс” агенттігіне осылай деп мәлімдеді. Оның алдында ауған президенті Х.Қарзай тәліптермен келіссөзге баруға және елдегі қантөгісті доғарып, бейбітшілік орнаған жағдайда олардың өкілдерін үкімет құрамына қабылдауға дайын екенін мәлімдеген болатын. Х.Қарзай бұл мәлімдемесін Кабулдағы 30 адам қаза тапқан террористік қастандықтың ізінше жасады.
XS
SM
MD
LG