Грузияның бұрынғы қорғаныс министрі И.Окруашвилидің адвокаттары оны 2 айға абақтыға жабу туралы сот шешімін бұзуға шағым берді. Ондай шешімді Окруашвилиге бірнеше айып таққан прокуратураның сұрауы бойынша Тбилисидің қалалық соты шығарды. Грузин оппозициясы экс-министрге президент М.Саакашвили туралы барлық ақпарын жариялауға мүмкіндік беру үшін оны кепілдікке босатуды талап ету үстінде. Жуырда И.Окруашвили президентті “бүкіл билікті қолына алды” және “өзін қолдамаған саяси тұлғалардың көзін құртпақ болды” деп айыптаған болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Ескертусіз, қасақана оқ ату"
"Бәрінің өмір сүру құқығы бұзылды". Қаңтар оқиғасын зерттеген құқық қорғаушылардың есебі
AzattyqTV