Accessibility links

Пәкістанда тағы 15 адам террористік қастандықтың құрбаны болды


ИСЛАМАБАД: Бүгін Пәкістанның ауған шекарасына жақын солтүстік-шығыс ауданында жаңа қастандық іске асырылды. Жанпидашыл-террорист Банну қаласының іргесіндегі полицияның күзет бекеті маңында өзін-өзі жарып, одан 15 адам қаза тапты, 20-дан астам кісі жараланды. Пәкістан армиясының өкілі Уахид Аршадтың хабарлауынша, қаза болғандардың төртеуі полицей, қалған 11-і – бейбіт халық, оның ішінде жанпидашыл-террористің өзі де бар. Соңғы кезде Талибан қозғалысы мен “Әл-Қаида”-ның содырлары Пәкістанның осы ауданында белсенді қимылға көшті.
XS
SM
MD
LG