Оңтүстік Корея президенті Но Му Хион Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ирмен өткізген келіссөздерге көңілі толғанын айтты. Екі ел басшыларының Пхеньяндағы басқосуы 1950-ші жылдардың басындағы соғыстан кейін екінші рет орын алып отыр. Оңтүстік Кореяның баспасөз-хатшысы хабарлағандай, саммиттің аяқталуына дейін, яғни бейсенбіге шейін, екі жақ мәлімдеме әзірлейтін болады.